Мальта азаматтығы

Путешествия бизнес авиацией

“Мальтадағы жеке тұлғаларға арналған бағдарлама” басқа елдерден шыққандарға мальтиялық азаматтықты оның барлық артықшылықтарымен алуға айрықша мүмкіндік береді.

Бұл ретте артықшылықта мен азаматтықтың өзі өтінім берушінің өзіне ғана емес, сонымен қатар оның отбасы мүшелеріне де беріледі:

жұбайы/зайыбы үшін,

ата-аналарға,

атасы мен апасына,

балалар мен немерелеріне.

Қол астына алу процедураларының барлық сатыларын орындағаннан кейіннегізгі өтінім берушінің отбасы тамаша және гүлденіп келе жатқан еуропа елінде тұруға, шет елде саяхаттауға және жұмыс істеуге құқылы, мысалы, Еуропалық одақтың мүше елдерінде, сонымен қатар бұл артықшылықты келесі буынға беруге құқылы.

Cofrance SARL жұмыс істеудің артықшылықтары

Көп бейінді еуропалық бМальтий азаматтығын алу мәселесінде Cofrance SARL компаниясында Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Ресей және Қытай елдерінен көп балалы отбасыларға көмек көрсетудің айрықша тәжірибесі бар.

Біздің клиенттер бізге көптеген міндет қойды, оларды біз сәтті іске асырдық және олар бізге үнемі даму мен мінсіз сервис көрсету үшін мүмкіндік берді.

Сіз жаңа елге иммиграциялауды жоспарлаған кезде Сізге процедураның барлық бөліктері туралы ойлау керек болады:

көптеген құжаттарды жинау, көптеген өтінімдерді тапсыру және бәрі заңның талаптарына сай болуы керек.

Мұндай асқан дәл бағыт Сіздің жаңа өмірді бастауға ниетіңізге әсер етуі мүмкін.

Кофранс САРЛ-дабіз бұл жағдайды Сіздің пайдаңызға өзгерте аламыз және барлық инстанцияларға құжаттарды дайындау мен тапсырудың күрделі процедурасының барлық ерекшеліктеріне қамқорлық танытамыз.

Біздің сарапшы топ иммиграциялық заңгерлерден, жылжымайтын мүлік бойынша агенттерден, ауызша және жазбаша аудармашылардан әне қаржылық сарапшылардан тұрады, олар Сізге көмектесу үшін бір топқа жиналған.

Біз әрқашан Сіздерге төмендегілерді ұсынуға қуаныштымыз:

алдын ала және тұрақты консультациялық тұжырымдамалар;

құжаттаманы аудару және қайта қарастыру;

заңнамалық құжаттамалар мен фомаларды дайындау;

Cofrance SARL стандартты жұмыстары

Біз барлық иммиграциялық процесс кезінде біздің клиенттердің атынан мальтиялық үкіметпен үнемі байланыста боламыз.

Біз қажетті кездесулерді ұйымдастырамыз және Сіздерге көмектесеміз.

Біз жалға алу шарттары мен олардың қолжазбасының алғашқы түрінің барлық нұсқаларын қарастырамыз және талқылаймыз, сонымен қатар өтінімдер мен жазбаша формаларды дайындаймыз.

Қажет болғанда біз  нотариусты айтпағанда, Сіздердің банктегі өкілдеріңіз, жылжымйтын мүлік бойынша агенттеріңіз, биржалық делдалдарыңыз боламыз.

Біз елшілікті кездесулер кезінде көмек көрсетеміз.

Және соңынд, біз клубқа кіру немесе ұялы телефон нөмірін алу, сонымен қатар МІРР байланысты басқа да сұрақтарды тұрғылықты орын бойынша талаптарды орындаумен байланысты мәселелерді шешуге көмектесеміз.

Мальта – ұлттық ерекшелікер

Көптеген бизнесмендер, мамандар және ауқатты адамдар үшін жиі халықаралық сапарлар олардың күнделікті өмірінің бөлігі болып табылады.

Ірі іссапар уақыты жақындаған кезде визаны алу үшін барлық рәсімділік орындалуы тиіс.

Әдетте бұл:

Сіздің соңғы бес немесе он жылда барған елдердің тізімі бар ұзын формалар;

Елшілікте немесе консулдықта және т.с.с. әңгімелесу.

Бұл процесстің барлығы көптеген ақшалау немесе уақыт шығындарын алады.

Визаны алу қажеттілігі мобильділікті төмендетеді және іскерлік сапардың жоспарын бұзады.

Мальтиялық азаматтық екінші бейтарап төлқұжат алуға мүміндік береді, сонымен қатар 160-тан астам елдерге визасыз кіруге рұқсат береді және кез келген еуропа елдерінде тұруға жеңілдік береді.

Мальтиялық азаматтық осы тамаша және экзотикалық архипелагқа басқа артықшылықтарға қосымша, Сізге жоғары дамыған және мәдениетті қоғамға кіруге рұқсат береді, олардың ішінде:

төмендегідей елдерге визасыз саяхаттау мүмкіндіктері:

  • Австрия, Бельгия, Канада, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Исландия, Италия, Люксембург, Монако, Нидерланды, Норвегия, Испания, Швеция, Швейцария, Ұлыбритания, Австралия, Достастық пен АҚШ-тың 53 мемлекетін есептемегенде;
  • Еуропалық Одақтың кез келген мүше елінде тұру және жұмыс істеу құқығы, себебі Мальта 2004 жылдан бастап Еуропалық Одақтың мүшесі болып табылады;
  • өмір сүрудің жоғары сапасы;
  • бірқалыпты климат, қауіпсіз орта, қамтамасыз етілудің жоғарғы деңгейі, күшті экономика және минималдық салықар (мүлік салығын, мүлік туралы декларациясы, жылжымайтын мүлікке салық жоқ), айрықша медициналық қызметтер;
  • ең жоғарғы стандарттарға жауап беретін білім берудің кешенді жүйесі.

Мальта — заңнама

Біздің ұйым, қызметкерлер және біздің серіктестер жауапкершілікке алады:

алдын ала және ағымдағы консультативтік тұжырымдарды ұсыну және Мальтаны сәйкестендіру (МС) бойынша Агенттікпен талап етілетін барлық қажетті құжаттаманы ұсыну;

растайтын құжаттардың түпнұсқасын өтінімдердің толтырылғанына көз жеткізу үшін Identity Malta агенттігіне жібермес бұрын тексеру және растау;

Мальтадағы (РРІМ) жеке тұлғлар-инвесторларға арналған Бағдарламаларға қатысты кез келген сұрақтарға жауап беру;

Клиенттің атынан Identity Malta агенттігіне толық сұранымды жіберу;

Клиентке оның сұранысына қатысты ІМ атынан кез келген хабарламаны алу туралы тез арада хабарлау;

Өтінім мақұлданғаннан кейін және өтінім беруші ІМ алдында барлық өзінің міндеттерін толықтай орындағаннан кейін мальтиялық билік берген төлқұжатты Клиенттің атынан қабылдау.

Мальтадағы инвесторлардың артықшылықтары бағдарламасы (РРІМ) 2014 жылғы №47 нұсқауда және мальтиялық азаматтық туралы Заңның 188 бөліміне түзетуге негізделген.

Осы заңға сай, натурализация туралы куәлік қаражатын елдің экономикасына (негізгі өтінім беруші), жұбайына  немесе зайыбына және “Инвестициялар бойынша азаматтық” бағдарламасы аясында отбасының сәйкес мүшелеріне салатын жоғары беделдегі тұлғаларға берілуі мүмкін.

РРІМ заңнамасы туралы қосымша ақпаратты алу үшін, ресми көздерге жүгінуді өтінеміз:

Қосымша заңнама 188.03  Мальта Республикасының дербес инвесторлары Бағдарламасыың регламенті, 2014 жылғы құқықтық хабарлама 47  (Justiceservices.gov.mt).

Мальта – шарттар

2014 жылғы №47 нұсқауға сәйкес Мальтадағы инвестордың артықшылық бағдарламасы (РРІМ) бағалы шет елдік инвесторларға және олардың отбасына натурализация жолымен азаматтық береді.

Мальтиялық азаматтық – бұл біршама бай және танымал үміткерлерге ұсынылатын артықшылық.

Өтінім берушілер олардың тұрғылықты елінің және шыққан елінің территориясында, егер тұрып жатқан елінен бөлек болса, криминалдық оқиғаның жоқтығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

Оған қоса, Identity Malta (IM)  халықаралық көздер мен жергілікті билік органдары арқылы өздерінің кең тексерулерін жүргізетін болады.

Мальтаның экономикалық азаматтық өтінім берушіге берілуі мүмкін, егер ол келесі шарттарды орындайтын болса:

Өтінім беруші келесі жобаларға 650 000 еуро мөлшерінде бекітілген жарнаны енгізуі тиіс:

Әлеуметтік даму мен дамудың (Мальта ұлтық даму Қоры) ұлттық қоры;

150 000 еуродан кем емес сомаға арнайы тағайындалымдағы мемлекеттік акциялар мен облигацияларды сатып алу.

Бұл нұсқаға инвестициялар Мальтаның Орталық банкніде депозитке салынады және жоғарыда аталған мемлекеттік активтерді сату мүмкіндігін қоспағанда, натуралдандыру туралы сертификатты бергеннен кейін кемінде 5 жыл Identity Malta (IM) бақылауында қалады.

E-Residence талаптарына сәйкес келу (қатысудың символдық индикаторы).

Мальтада минималдық құны 350 000 еуро тұрғылықты жылжымайтын мүлікке ие болу немесе минималдық жыл сайынғы жалға алу ақысы 16 000 еуро болатын мальтийлық тұрғын ғимаратты жалға алу.

Натуралдандыру туралы куәлікт бергенге дейін бір жыл бойы Мальтада тұруы туралы растаманы ұсыну.

Бұл кандидаттың Мальтада болуының символдық көрсеткіші.

Басқа сөзбен айтқанда, өтінім берушілер мен олардың отбасылары барлық қажетті мерзім ішінде аралдарда болмауы мүмкін (12 ай).

Инвестор елмен өзінің жеткілікті байланысы мен тығыз қатынасын дәлелді ұсынуға міндетті.

Сіз білуге тиісті бірнеше маңызды нәрселер бар:

Мальтада жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе жалға алу жолымен қолайлы инвестицияны енгізгеннен кейін өтінім беруші оның елде барын растайтын e-Residence картасын алады.

Читайте также:  {:ru}Программа индивидуального инвестора (ПИИ) на Мальте{:}{:en}Maltese Individual Investor Program (MIIP){:}{:ua}Програма індивідуального інвестора (ПІІ) на Мальті{:}{:ge}ინდივიდუალური ინვესტორის პროგრამა მალიტაზე{:}{:tj}Барномаи сармоягузори индивидуалӣ (БСИ) дар Малта{:}{:es}Programa de inversión individual (PII) en Malta{:}{:ar}في مالطا برنامج المستثمر الفردي{:}{:pt}Programa de Investimento Individual de Malta (PIIM){:}{:tr}Malta'da Bireysel Yatırımcı Programı (BYP){:}{:mt}Il-Programm tal-Investitur Individwali Malti (MIIP){:}{:kz}Мальтадағы жеке инвестор бағдарламасы (ЖИБ){:}{:tm}Maltada hususy maýa goýum maksatnamasy{:}

Бұл картаның басқа артықшылықтары өз бизнесіңді бастау және жүргізу мүмкіндігі, банк ісі, салық және т.с.с басқа да әртүрлі инновациялық онлайн қызметтерді пайдалану және т.б.

Біріншілік өтінім берушіде медициналық проблемалар болмауы иіс және Жаһандық (толық) денсаулықты сақтандыру полисі болуы тіис.

Өтінім беруші және олардың туыстарды инфекциялық аурулары болмауы тиіс және сол сияқты жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен әрбір отбасы мүшесіне кемінде 50 000 еуро жабыны бар медициналық сақтандыру полисіне ие болуға міндетті.

Заңнамалық тексеру үшін алымдар

Негізгі өтінім беруші:

7500 Евро

1.

Жұбайы:

5 000 евро

2.

13 жастан 17 жасқа дейінгі әрбір қатысушы:

3 000 Евро

3.

18 жастан 26 жасқа дейінгі әрбір қатысушы:

5 000 евро

4.

55 жас және одан асқан әрбір қатысушы:

5 000 евро

5.

Мальта даму және әлеуметтік қамтамасыз етудің ұлттық қоры

Мальтий экономикасына инвестициялау керек болатын салымдардың тізімі:

Негізгі өтінім беруші:

650 000 Евро

1.

Жұбайы:

25 000 Евро

2.

13 жастан 17 жасқа дейінгі әрбір қараудағы бала:

25 000 Евро

3.

18 жастан 26 жасқа дейінгі әрбір қараудағы бала:

50 000 Евро

4.

55 жас және одан асқан әрбір қараудағы адам:

50 000 Евро

5.

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар

Үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

350 000 € минималдық сомаға жылжымайтын тұрғын жайды сатып алу, НЕМЕСЕ

Жылына 16 000 € минималдық сомаға жылжымайтын тұрғын жайды жалға алу.

Мүлік кемінде бес (5) жыл бойы сатылмайды немесе қосалқы жалға берілмейді.

Мальта – құжаттар

Төменде біздің комания Identity Malta Agency (IM) өтінім беруші атынан ұсынатын құжаттар тізімі келтірілген. Назар аударыңыз, бұл тізім толық болып табылмайды және ІМ егер қажет деп есептесе, қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін.

Өтінімдердің түрлері:

Адал тәртібі туралы полициядан анықтамалар (шыққан елі мен тұрған елінен, егер қолданылса);

Негізгі өтінім берушінің соңғы бір жылдың ішінде натурализацияға дейін Мальтада тұрғаны туралы дәлел;

Өтінім беруші және оның қарауындағы адамдар жұқпалы аурулардан зардап шекпейтіні және сау екендігін растайтын медициналық анықтамалар;

Жылжымайтын мүлік жобаларына немесе Мальтадағы мемлекеттік активтерге инвестиция дәлелі ережелерге сәйкес;

сертификаттар:

туу және неке (егер қолданылса);

Сіздің қолданыстағы және мерзімі өткен  жеке куәлік, төлқұжаттардың барлық беттерінің расталған көшірмелері;

Төлқұжат өлшеміндегі түсті соңғы фотосуреттер;

Әскери билет (әскери қызметен өткендердің барлығы үшін);

Жаңа сертификаттар мен банктік көшірмелер;

Тіркелген кәсіпорын туралы анықтама, жұмыс берушіден хат;

Салық төлеу туралы анықтама;

Сізде толық/кеңейтілген медициналық полис бары туралы растама;

Тұрғылықты жерден анықтама

Маңызды!

Міндетті түрде келесі формалар мен құжаттарды толтырған кезде назар аудару керек:

SSFW PPIM формасы – қаражат көзі мен ахуал туралы көшірме

Негізгі өтінім беруші (немесе қайырымдылық жасаушы, егер қолданылса) үшін қажет болады.

Осы форманың барлық жолдары міндетті түрде толтырылған болуы тиіс.

Егер қандай да бір бөлім толтырылмаған болса, сәйкес белгіні жасау қажет.

Негізгі өтінім беруші SSFW формасымен бірге банктік көшірмелерді ұсынуы тиіс.

Соңғы 3 (үш) айдағы шоттардан банктік көшірмелер қажет болады.

Түпнұсқаны, сонымен қатар расталған түпнұсқа көшірмелерді ұсынуға болады.

Интернет-банкинг жүйесі арқылы алынған көшірмелер болған жағдайда олар түпнұсқа, дұрыс және толық болып табылатындығын растайтын декларациямен бірге ұсынылуы тиіс.

Шот бойынша көшірмелер SSFW формасының Д бөлімінде көрсетілген банктік деректемелерге сәйкес келуі тиіс.

Қаражаттар негізгі Өтінім берушінің атына тіркелген жеке шоттан аударылуы тиіс.

Егер қаражат корпоративтік шоттан аударылатын болса, директорлар кеңесінің шешімін ұсыну қажет.

Бұрын ашылған банктік шоттар бойынша көшірмелер белсенді емес немесе нөлдік балансқа ие болса, негізгі Өтінім берушінің негізгі шоттары бойынша көшірмелер жоқ болған кезде қабылданбайды.

Проблеманы құжаттандыратын жазбаша декларация SFFW формасына тіркелуі тиіс.

Демеуші/Қайырымдылық жасаушы бар болған кездегі SFFW формасы.

Жарна негізгі Өтінім беруші болып табылмайтын тұлғамен қаржыландырылған жағдайларда (мысалы, жұбайы, ересек қараудағы адам немесе басқа тарап) Қайырымдылық жасаушы тиісті:

SSFW формасын және PDFEE формасын толтыру;

Соңғы 3 (үш) айдағы шоттардан банктік көшірмелер.

Түпнұсқаны, сонымен қатар расталған түпнұсқа көшірмелерді ұсынуға болады.

Интернет-банкинг жүйесі арқылы алынған көшірмелер болған жағдайда олар түпнұсқа, дұрыс және толық болып табылатындығын растайтын декларациямен бірге ұсынылуы тиіс.

Шот бойынша көшірмелер SSFW формасының Д бөлімінде көрсетілген банктік деректемелерге сәйкес келуі тиіс.

Қаражаттар негізгі Өтінім берушінің атына тіркелген жеке шоттан аударылуы тиіс.

Егер қаражат корпоративтік шоттан аударылатын болса, директорлар кеңесінің шешімін ұсыну қажет.

Бұрын ашылған банктік шоттар бойынша көшірмелер белсенді емес немесе нөлдік балансқа ие болса, негізгі Өтінім берушінің негізгі шоттары бойынша көшірмелер жоқ болған кезде қабылданбайды.

Проблеманы құжаттандыратын жазбаша декларация SFFW формасына тіркелуі тиіс.

Шет елге шығу төлқұжатының көшірмесі және Дью-Дилидженис (мекен жайды растау және т.с.с) басқа құжаттаманың расталған түпнұсқа көшірмесін ұсыну.

PSC PPIM формасы – қолдар мен фотосуреттерді растау.

Әрбір өтінім беруші үшін қажет болады.

Өтінемін, назар аударыңыз, бұл формадағы барлық бағандар толтырылған болуы тиіс.

Бұл ретте он төрт (14) жас және одан үлкен кез келген өтінім беруші құжатқа қол қоюы тиіс.

Өтінемін, назар аударыңыз, Куәландырушы форманың бірінші бөліміне сілтеме жасауы және куәлік талаптарына жүгінуі тиіс.

Мальтадан тыс жерде тіректенген Заңгер немесе Мемлекеттік нотариус жағдайында:

Шет елдік Ресми құжаттардың легализациялау талааптарын жоятын 1961 жылғы 5 қазандағы Гааг конвенциясына сәйкес апостиль, егер заң құзыреті жоғарыда таталған конвенцияның тарабы болса; немесе

Гааг конвенциясының талаптары болып табылмайтын заң құзыреті жағдайында сәйкес мемлекеттік ведомствомен куәлікті растау;және

Құжат түпнұсқасын сәйкесінше растауды алумен қиындықтар туындаған жағдайда өтінім берушілер сәйкесінше Мальтий Елшілігіне немесе Дипломаттық уәкілеттікке жүгіне алады.

Төлқұжат форматындағы бір фотосурет форманың өзінде келтірілген нұсқаулықтарға сай PSC формасына тіркелген болуы тиіс.

Ешқандай басқа фотосуреттер бұл өтініммен бірге ұсынылмауы тиіс.

MRQ PPIM формасы – Медициналық анықтама және сауалнама

Әрбір өтінім беруші үшін қажет болады.

Форманың барлық жолдары толтырылған болуы тиіс.

Жауапты дәрігер форманың Д бөлігін толтыруы тиіс.

Соңғы қорытынды баға (Д.13 өрісі) өте мұқият толық толтырылуы тиіс.

Форманың А бөлімінде келтірілген нұсқаулықтарға сәйкес, дәрігер өтінім берушіден фотографиялық сәйкестендіруден тұратын мемлекеттік құатты ұсынуды өтінуі тиіс.

Сосын дәрігер тексерілеін тұлғаның сәйкесендіру құжатында бар екенін растап, форманы толтыруы тиіс:

Авиаперелеты на спортивные события

Сәйкестендіру құжатының көшірмесін формаға тіркеу;

Жазбаша өтінім ұсыну жолымен, тексерілген тұлға тіркелген көшірмедегінің нақты өзі болып табылатындығын куәландыру;

Тіркелген көшірмеге Қол қою, мөр мен күнін қою;

Форманың төртінші бетіндегі декларацияны толтыру.

Шет елдік құжаттарды сәйкестендіру

Көмекші құжат (мысалы, Мальтадан ты жердегі Заңгерелерден/Нотариустардан түпнұсқа көшірмені растау) түпнұсқаны тексеруді қажет етеді. құжаттама дайындалған құзыретке байланысты үш нұсқаның бірін пайдаланған жөн.

Осы конвенцияның тарабы болып табылатын құзырет жағдайында Шет елдік Ресми құжаттардың легализациялау талааптарын жоятын 1961 жылғы 5 қазандағы Гааг конвенциясының ережелеріне сәйкес апостиль; немесе

Читайте также:  {:ru}Мальтийская холдинговая компания и налогообложение{:}{:en}Maltese holding company and taxation{:}{:ua}Мальтійська холдингова компанія та оподаткування{:}{:ge}მალტას ჰოლდინგური კომპანია და გადასახადით დაბეგვრა {:}{:tj}Ширкати холдингии малтавӣ ва андозбандӣ {:}{:es}Compañía holding de Malta e impuestos{:}{:ar}الشركة المالطية القابضة والضرائب{:}{:pt}Sociedades holding e tributação Maltesa{:}{:tr}Maltalı holding şirketi ve vergilendirme{:}{:mt}Kumpanija azzjonarja Maltija u tassazzjoni{:}{:kz}Мальталық холдингтік компания мен салық салу {:}{:tm}Maltanyň holding kompaniýasy we salgyt salmalar{:}

1.

Осы Конвенцияның тарабы болып табылмайтын заң құзыреті жағдайында сәйкес ведомствомен заңгердің немесе мемлекеттік нотариустың куәлігін растау; немесе

2.

Осы конвенцияның тарабы болып табылмайтын заң құзыреті жағдайында Мальта елшілігімен немесе дипломаттық уәкілеттігімен куәландыру.

3.

Құжаттарды аудару

АҒылшын тілінде емес кез келген құжат(тар) (куәлікт немесе мөртаңбаларды қоса алғанда) ағылшын тіліне ресми аудармамен бірге жүруі тиіс.

Аудармалар кәсіби аудармашымен (сотта ресми аккредиттелген), мемлекеттік мекемемен, халықаралық ұйыммен немесе ұқсас реми мекемемен дайындалуы тиіс.

Егер аударма ресми аккредиттелген аудармашы жоқ елде дайындалған болса, ол жалғыз немесе негізгі қызметі кәсіби аударма болып табылатын компаниямен іске асырылуы тиіс. Құжат аударма компаниясының қол қою құқығы бар кемінде бір құзыретті тұлғамен расталуы тиіс.

Аудармашы күнде, өзінің толық атын, лауазымын, тұрғылықты немесе кеңсенің мекен-жайын, телефон нөмірін немесе электрондық поштаны/веб-сайтты анық және түсінікті түрде көрсетуі тиіс екендігін атап өткен жөн.

Аударма агенттіктері жағдайында аударма жүргізген фирмаға қатысты барлық толық мәліметтер бар ресми бланкілер пайдаланған жөн.

Аффидевиттер

Аффидевит[1], қажет болған кезде ол анық және ресми түрде дайындалған болуы тиіс.

Аффидевит заңгермен расталған болуы өте маңызды.

Аффидевит төмендегілерден тұруы тиіс:

Сәйкестендіру/төлқұжаттық нөмірлер, адрес, байланыс мәліметтері және т.с.с. қоса алғанда, аффидевит беретін тұлғаның барлық сәйкес мәліметтері.

Аффидевит аясында жасалған ақпарат/өтінімдер анық және түсінікті форматта құжаттандырылған болуы тиіс.

Аффидевит беретін тұлғаның қолдын растайтын маман  аффидевит қабылданатын елдің заңнамасына сәйкес оны орындауға уәкілетті болуы тиіс, мысалы заңгер немесе мемлекеттік нотариус.

Мұндай тұлға құжатқа қол қойып, анық және түсінікті түрде күнді, өзінің толық атын, лауазымын, тұрғылықты немесе кеңсенің мекен жаын, телефон нөмірін және электрондық почтаны көрсетуі тиіс.

Егер аффидевит ағылшын тілінде құрастырылмаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген бөлімге сәйкес аударма дайындалуы және ұсынылуы тиіс.

Ілеспе құжаттаманы ұсыну

Дұрыс ұсынылған ілеспе құжаттама өтінімді әлеуетті қабылдамаудың алдын алу үшін міндетті болып табылады.

Келесі тармақтар құжаттаманы дұрыс дайындауға көмектеседі.

Шет елге шығу төлқұжаты

Шет елге шығу төлқұжаттарының немесе рұқсаттамалардың расталған түпнұсқа көшірмелері кәмелетке толмаған қараудағы адамдарды қоса алғанда, барлық өтінім берушілер үшін қажет болуы мүмкін.

Көшірмелер айқын және түсінікті екеніне көз жеткізіңіз.

Тек келесі мәліметтерден тұратын төлқұжат беттерінің көшірмелері керек:

Төлқұжат нөмірі, күні, берілген орыны және жарамдылық мерзімі;

Фотосурет, аты, күні және туған жері;

Берген елі мен қолы;

Кез келген ерекшелік немесе өзгерістерді толық көрсету арқылы төлқұжаттағы түзетулері бар беттер (мысалы, Визалар, Иммиграциялық мөртаңбалар және т.с.с)

Мәліметтер бетінде ұсынылған MRZ коды анық және түсінікті екеніне көз жеткізіңіз.

Егер өтінім берушіде бірнеше елдер үшін бірнеше халықаралық төлқұжат бар болса, жоғарыда көрсетілген нұсқаулықтарға сәйкес әрбір құжаттың расталған көшірмелерін ұсыныңыз.

Жеке куәлік (немесе Құзыреттілік баламасы)

Кәмелетке толмаған асырауындағы адамдарды қоса алғанда, азаматтыққа үміткер барлық тұлғалар үшін қажет болады.

Өтінім берушінің немесе оның құзыретті баламасының жеке куәлігінің расталған түпнұсқа көшірмелері қажет болады (яғни Азаматтық елінде сәйкестендіру үшін пайдаланылатын құжаттар).

Егер өтінім берушінің бірнеше азаматтығы бар болса, әрбір елден жеке куәліктің расталған түпнұсқа көшірмелері қажет болады.

Егер өтінім беруші жеке куәлікті бермейтін немесе оны белгілі бір жасқа жеткеннен кейін ғана беретін елде болған жағдайда, жазбаша түсіндірме N, O немесе P өтінім беруші Формасының Д бөлімінде ұсынылуы тиіс.

Тұрғылықты жердің түрі (тұрақты немесе уақытша, жағдайға байланысты)

Кәмелетке толмаған асырауындағы адамдарды қоса алғанда, азаматтыққа үміткер барлық тұлғалар үшін қажет болады.

Кез келген өтінім берушіде бар тұрақты немесе уақытша тұруға кез келген рұқсаттың/картаның расталған түпнұсқа көшірмелері қажет болады.

Егер өтінім берушіде тұруға бірнеше рұқсат/карта бар болса, әрбір рұқсаттың расталған түпнұсқа көшірмелері ұсынылуы тиіс.

Мальта Билігімен берілген электрондық резиденттілік картасы

Өтінім пакетімен бірге осындай құжаты бар негізгі өтінім беруші мен кез келген басқа тұлға үшін Мальта билігімен берілген электрондық резиденттілік картасының көшірмелерін ұсыну табанды түрде ұсынылады.

Оларды расталғанын ұсынудың қажеттілігі жоқ, себебі құжаттар ішкі жазбалар бойынша қарастырылады.

Дегенмен, егер Өтінім берушіде Мальта Резиденттілік куәлігі бар болса (мысалы, Мальта ішкі табыстар департаментімен берілген), түпнұсқаның расталған түпнұсқа көшірмелері сәйкес түрде ұсынылуы тиіс.

Қызмет тізім(дері)і (жағдайға байланысты)

Егер қандай да бір өтінім беруші қандай да бір елдің әскери күшінде қызмет еткен болса, әскери даярлықтан өтсе, түпнұсқа жазбалар мен куәліктердің расталған түпнұсқа өшірмелері сәйкесінше N, O немесе P формаларында жасалған өтінімдерге сәйкес ұсынылуы тиіс.

Туу туралы куәлік

Кәмелетке толмаған асырауындағы адамдарды қоса алғанда, азаматтыққа үміткер барлық тұлғалар үшін қажет болады.

Өтінім берген кезде Туу туралы Куәліктердің расталған түпнұсқа көшірмесі талап етіледі.

Мұндай құжаттар 4.3-бөлімге сәйкес дұрыс аударылғанынан және расталғанына көз жеткізу маңызды.

Расталған көшірмелер анық және түсінікті болуы тиіс.

Өтінім берген сәтте сәйкес түпнұсқалығы  және әрбір өтінім берушіге аудармасы бар туу туралы куәліктің бір расталған көшірмесіне рұқсат беріледі.

Атты ауыстыру құжат(тар)ы

Кәмелетке толмаған асырауындағы адамдарды қоса алғанда, азаматтыққа үміткер барлық тұлғалар үшін қажет болады.

Егер қандай да бір өтінім беруші ресми түрде атын/тегін ауыстырған болса, атты ауыстыруды тіркейтін ресми құжаттаманың расталған түпнұсқа көшірмелері талап етіледі.

PDFEE формасында аттың өзгеуін және себебін көрсету маңызды.

Неке және ажырасу туралы куәліктер (жағдайға байланысты)

Некеде/ажырасудағы азаматтыққа үміткер тұлғаның әрқайсысы үшін талап етіледі.

Өтінім берген кезде Неке және ажырасу туралы Куәліктердің расталған түпнұсқа көшірмесі талап етіледі.

Егер өтінім беруші бұрын некеде болған және соңында ажырасқан болған жағдайда, ажырасу туралы куәлік те ұсынылуы тиіс.

Егер өтінім беруші некеде болса және бірнеше рет ажырасқан болса, сәйкесінше ажырасу туралы барлық куәліктердің расталған түпнұсқа көшірмелері талап етіледі.

Куәлікті берген сәтте олар 4.3-бөлімге сәйкес расталғанын және аударылғанына көз жеткізу маңызды.

Расталған көшірмелер анық және түсінікті болуы тиіс.

Берген сәтте сәйкес түпнұсқасы мен аудармасы бар әрбір куәліктің бір расталған түпнұсқа көшірмесіне рұқсат етіледі (әрбір өтінім беруші үшін жағдайға байланысты).

Тұрғылықты мекен-жайды құжаттамалық растау

Негізгі өтінім берушіде және азаматтыққа үміткер кез келген ересек қараудағы адамда қазіргі уақытта бар Тұрақты тұрғылықты мекен жайды құжаттық растау талап етіледі.

Өтінім берушілер өзінің тұрақты тұрғылықты мекен жайына құжаттамалық растама ұсынуы тиіс.

Егер негізгі Өтінім берушінің мекен жайы жұбайынан және/немесе кез келген басқа ересек қарауындағы адамнан өзгеше болса, сонымен қатар соңғысы үшін құжаттамалық растауды ұсыну қажет.

Құжаттама 6 айдан “үлкен емес” болуы тиіс.

Ұсынылуы мүмкін:

Муниципалдық/жергілікті биліктен тұрғылықты орыннан анықтама; коммуналдық қызметтер төлемінен түбіртек; танылған несие ұйымынан көшірме; орталық немесе жергілікті билік органынан мөрі бар және Муницпиалитетпен даталанған хат.

Адал тәртіпті туралы полициядан анықтама

Шыққан елден немесе тұрғылықты елден ұсынылуы тиіс, егер қолданылса.

Құжаттар он екі (12) және одан үлкен жаста барлық өтінім берушілер үшін ұсынылған болуы тиіс.

Бұл ретте анықтамадағы мәліметтер азаматтың өмірінің соңғы он жылы туралы ақпараттан тұруы тиіс және Мальта Елшілігіне берген сәтке дейін кемінде 6 ай бұрынғы болуы тиіс.

Читайте также:  Процесс подачи заявлений для получения гражданства Мальты

Ағылшын тіліндегі түпнұсқа ғана қабылданады, көшірмелерге тыйым салынады.

Кейбір елдерде полиция органдары мұндай анықтамаларды тікелей оны сұраған шет мемлекеттердің үкіметіне тікелей жібереді.

Мұндай жағдайларда анықтамаларды келесі мекен-жай бойынша жіберуді өтіну керек:

Мальта жеке тұлғаны сәйкестендіру агенттігі, Жерорта теңізінің конференц орталығы, Triq l-Isptar, Valletta, VLT 1645.

Егер полиция органдары сұраған мекемеден ресми хат алғаннан кейін ғана тәртібі туралы анықтама беретін болса, Елшілікке қажетті хатты жіберуі үшін жүгіну керек.

Барлық қараудағы адамдар үшін асырауында болу туралы анықтама

Құжатты жеке қамқорлық ата-аналардың біріне тапсырылған барлық қараудағы адамдар мен кәмелетке толмағандар үшін түпнұсқа немесе түпнұсқа көшірмеде ұсыну талап етіледі.

Жекелеген жағдайларда өтінімді қарау кезінде қарауында болу тарихын немесе фактін орнату үшін қосымша ақпарат пен әрбір қараудағы адам үшін құжаттамалық дәлелді ұсыну қажет болады.

Жұбайын қоспағанда, 18 (он сегіз) жастан асқан әрбір тұлағаға материалдық көмек көрсету туралы аффидевит[2] ұсыну қажет болады.

Мұндай аффидевитте қараудағы адамның негізгі өтінім берушінің қарауында толықтай болатындығы көрсетілген болуы тиіс.

Ата-ана, ата мен апа жағдайында – осы тұлға негізгі өтінім берушінің отбасы мүшесі болып табылатындығы туралы растама.

Жеке тұлғалық қамқорлық ата-анасының біріне немесе басқа тұлғаға берілген кәмелет жасқа толмаған қараудағыларға қатысты жеке қамқоршы сотпен немесе басқа сәйкес органмен берілгендігін растайтын сәйкес заңнамалық құжаттама ұсынылған болуы тиіс.

Өзін өзі жұмыспен қамтыған негізгі өтінім берушілер үшін бизнесті басқару куәлігі

Ауқаттылық көзі жеке меншік ісі болып табылатын негізгі өтінім беруші үшін талап етіледі.

Бизнесті жартылай немесе толықтай басқаруды құжаттамалық растау өтінім берген кезде қажет болады.

Келесі құжаттардың расталған көшірмелері немесе олардың заңнамалық баламасы керек:

Тіркеу туралы куәлік;

Меморандум және Жарғы;

Акционерлер тізілімі;

Директорлар тізілімі;

Әртүрлі елдер үшін атауларды айырмашылықтар болған жағдайда атаулардағы осындай айырмашылықтарды қарастыратын өтінімдерді беру ұсынылады.

Негізгі өтінім берушілер үшін еңбекпен қамту туралы куәлік

Табысы ресми еңбекпен қамту есебінен жүретін негізгі өтінім беруші үшін талап етіледі.

Келесі құжаттардың бірінің расталған түпнұсқа көшірмесі қажет:

Еңбек шарты туралы анықтама;

Төлемдік ведомстволар

Салық декларацияларының көшірмесі;

Жұмыс берушінің ұсыным хаты;

Қажеттілігі бойынша басқа да құжаттар.

Барлық құжаттар ағылшын тіліне аударылған болуы тиіс.

Мальта – процесс

Identity Malta (IM) агенттігі Мальтадағы (РРІМ) жеке инвесторлардың бағдарламасына жауап беретін мемлекеттік басқарушы жалғыз орган болып табылады және экономикалық азаматтықты алудың қадымдық процессі келесіге негізделеді:

Сіз Cofrance SARL-мен келісім жасайсыз

Сіз барлық ілеспе құжаттарды жинап, Мальта билігімен алынатын алымды және біздің әкімшілік шығындарды төлейсіз.

Біздік сертификатталған аудармашылар барлық Сіздердің құжаттарды ағылшын тілінде дайындайды.

Сіз e-Residence критерийлеріне сәйкес келесіз:

негізгі өтінім беруші мен оның отбасы Мальтаға келеді, мекен жайды алады және ІМ қабылдауына барады (үш аптаның ішінде).

Лайықты кандидат  e-Residence талаптарын сақтауға тиісті, яғни физикалық немесе виртуалды түрде 12 ай бойы елде болуы тиіс.

Қауіпсіздік бойынша тексерулер жүргізілуі тиіс (екі апта бойы).

Біздің агенттер Сіздің атыңыздан Мальтаның құзыретті органдарына өтінім береді.

Сізге тіркеу мен төлемдерді өңдеуді төлеу қажет, сонымен қатар Сіздің өтінімге төлемнің расталуын тіркеуі тиіс.

Сосын біз оны тексеріп, бізге бірінші шешім туралы хабарлайтын ІМ жібереміз (2-3 ай).

Егер сұраныс мақұлданатын болса, біз ІМ хабарлама аламыз.

Өтінім толықтай расталған кезде, үміткер мемлекеттік салықты төлеуі тиіс және өтінімді растағаннан кейін 4 ай бойы қолайлы инвестициялар жасауы (4 ай)тиіс болады.

Әрбір үміткер Мальа мемлекетіне адалдық антын жеке айтуы тиіс және натурализация туралы куәлікті алады.

Сонда негізгі өтінім беруші (немесе біздің компания) өзі үшін және бағдарлама параметріне кіретін барлық туыстары үшін Мальта биометрлік төлқұжаттарын сұрай алады.

Мальта төлқұжаты негізгі өтінім берушіге берілген кезде, оның жұбайы және балалары автоматты түрде өз төлқұжаттарын алады.

Мальта төлқұжатын алу процедураларының мерзімдері

Клиент биометрлік мәліметтерді жинау және тұруға өтініммен байланысты барлық сұрақтарды шешу үшін Мальтаға келуі тиіс.

Өтінім беруші шотта банк ашып, пәтер жалдауы керек, медициналық сақтандыру сатып алуы тиіс және т.с.с.

Осы уақытта өтінім берушіге Шенген аймағына визасыз саяхаттауға мүмкіндік беретін резидент картасы беріледі.

Бұл натурализация туралы куәлік бергенге дейін 12 айға созылатын ІМ талап ететін мальтада тұруға ыхтияхаттык көрсетеді.

5000 еуро мөлшеріндегі қайтымсыз бастапқы жарна мальта билігімен тұруға өтінішпен бірге төленуі тиіс. Биометрлік мәліметтер Мальтада тұру карточкасында жиналады және сақталады.

  1. Өтінім мен құжаттамаға барлық талаптар орындалғаннан кейін Мальтада экономикалық азаматтықты алуға өтінім беріледі. Бұны тұруға өтінім бергеннен кейін кез келген уақытта жасауға болады.
  2. 2. +2 апта: РРІМ өтінім файлы ІМ-да қаралады.

Бұл уақытта  Cofrance SARL мальта биліктерімен кездесулерге қатысады және өтінімнің Мальтадағы инвестициялар арқылы азматтық алу бағдарламасына сәйкес келетіндігін көз жеткізеді.

Барлық шарттар орындалғаннан кейін кешенді тексеру (негізгі өтінім берушіден 7500 еуро), банктік алым (200 еуро) және төлқұжаттық алымдарды (өтінім берушіден 500 еуро) жүргізуге шығындарды төлеу туралы декларация беріледі.

3.

+ 4 ай:

Билік органдары тиісті қауіпсіздік тексерулерін қатаң жүргізеді, ол кезде барлық өтінімдер 120 күн бойы төрт деңгейлі алдын ала тексеруге жатады.

Мемлекеттік органдар осы кезең ішінде қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін. 120 күннен кейін ІМ өз шешімін қабылдайды;

4.

+ 20 күн:

негізгі өтінім беруші 640 000 еуро мөлшерінде қайырымдылыққа инвестиция жасауы тиіс (650 000 еуродан бастапқыда төленген 10 000 еуроны шегереміз).

Негізгі үміткерден 640 000 еуро мөлшеріндегі қайырымдылық тікелей құзыретті органдарға төленуі тиіс.

Оған қоса бағдарламаға жарамды туыстардан салым;

5.

24 ай.

€ 150 000 тең  мемлекеттік облигацияларға инвестициялар, акциялар немесе мемлекеттік құнды қағаздарды және кемінде  350 000 € жылжымайтын мүлікті сатып алуды/жалға алуды қоса алғандағы барлық басқа қаржылық талаптар  орындалуы тиіс.

Жылжымайтын мүлік пен мемлекеттік құнды қағаздар 5 жыл бойы сақталуы тиіс.

Облигациялар бойынша барлық пайыздар мен мүлікке капиталдың өсуі өтінім берушінің пайдасына қайтарылады.

6.

Жасалған инвестицияларды растау мен тұрғылықты жерді растауCofrance SARL  млаьталық билікке береді;

7.

Натурализация туралы куәлік билікке беріледі.

Тәжірибеде билік Мальтада тұруға ықтиярхатты берген сәттен бастап 12 ай ішінде натурализация  туралы куәлікті ұсынуы тиіс.

18 жастан асқан барлық өтінім берушілер Мальтаға мемлекетке адалдық антын айту және қол қою мақсатында келуі тиіс.

Төлқұжат пен тіркеуге өтінім беріледі.

Барлық құжаттар расталған болуы тиіс.

8.

9:

+ немесе – 4/5 күн

мальталық төлқұжат беріледі.

9.

Жалпы, Мальтадағы жеке инвесторлар бағдарламасы (РРІМ) аясында Мальтаға иммиграция процедурасы 12-ден 16 айға дейін созылуы мүмкін.

Өзіңіздің иммиграциялық процессті бізбен бастаңыз.

Өзіңіздің Мальтаның бақытты азаматы сезініңіз!

[1]   Антпен берілетін және нотариуспен немесе басқа да уәкілетті лауазымды тұлғамен берілетін жазбаша өтінім, көрсеткіш, куәлік.

[2]  АФФИДЕВИТ — Антпен берілетін және нотариуспен немесе басқа да уәкілетті лауазымды тұлғамен берілетін жазбаша өтінім, көрсеткіш, куәлік.